Алматы-Талғар газ құбыры іске қосылды


Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы ұзындығы 64,4 км құбыр желісінің құны 7,8 млрд теңгеге жуықтайды.

Магистраль құрылысы 2010 жылдың бас кезінде басталған болатын.

«Сыйымдылығы жылына 2,4 млрд текше метрді құрайтын құбыр желісі 380 мыңға жуық тұрғыны бар 60-тан астам елді мекенді газбен қамтуға мүмкіндік береді. Болашақта тұтынушылар санын 600 мың адамға жеткізу мүмкіндігі бар. Болашақта Алматы-Талдықорған газ магистралінің құрылысы аяқталғаннан кейін аймақ тұрғындарының 80 пайызын көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік туады», - деді облыс әкімі Амандық Баталов нысанның ашылу салтанатында.