Алматы-Тараз тас жолының бойында жол апатынан екі адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Министрліктің хабарлауынша, жол апаты 22-тамызда Алматы-Тараз тас жолының 234-шақырымында болған. "Сетра" автобусының жүргізушісі "Мазда-626" автокөлігімен соқтығысып қалды.

Апат салдарынан "Мазда-626" автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Автокөлікте отырған тағы екі жолаушы, соның ішінде бір бала мен автобустың бес жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.