«Мерке және Шу аудандарында қою тұман түсіп, жол көрінбей қалды. Осыған байланысты Жамбыл облыстық ІІД ӘПБ мен «Қазавтожол» РМК Жамбыл облыстық филиалы 19 ақпанда таңғы сағат 7.30-дан республикалық маңыздағы Алматы-Ташкент тас жолының учаскесінде барлық көліктердің қозғалысына уақытша тыйым салды», - деп хабарлады ведомствода.
Трасса Аспара ауылынан Благовещенка (240 км - 311 км) ауылына дейін метеорологиялық жағдайдың тұрақталуына дейін жабылды, - деді Жамбыл облыстық ТЖД-дан.