"Астана және Алматы қалаларының әкімшіліктері "Алматыжер" және "Пәтер бюросы" атты жерді тәркілеу жөніндегі арнаулы кәсіпорын құрған. Олардың іс-қызметі құрылыс фирмалары мен азаматтар арасындағы делдалдыққа саяды. Ал жер заңнамасына сәйкес, құрылыс салушы шығындарға қатысты өтемақылар жайында жер иелерімен өз бетімен келісімге келуге тиіс",- делінген Бас прокуратураның сайтында жарияланған бас прокуордың сөзінде.
"Аталған кәсіпорындардың іс-қызметіне құқықтық сипат беру үшін жерді тәркілеп алу жөнінде заңсыз құқықтық-нормативтік актілер қабылданған",- деді Р.Түсіпбеков. "Прокуратура бұл актілерге қарсылық білдірді",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті