Ол жағдайдың ауыр болғанын еске алды деп жазады Азаттық тілшілері.
Атамбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қырғызстан "ілгері басты", бұрындары үнемі көштің соңында жүретін.
"Мен сіздерге осы уақыт аралығында маған сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Бішкек тұрғындарына рахмет. Олар әрдайым мені қолдап жүреді", - деді ол.
Атамбаевтың президенттік мерзімі 2017 жылы 1 желтоқсанда аяқталады. Елде президенттік сайлау 15 қазанда өтеді. Конституция бойынша, президенті алты жыл мерзімге бір мәрте ғана сайлана алады.