Алмытының "Еңбек" хоккей клубы Еуразиялық лига құру туралы ұсыныс келтірді

Клуб командасының бас жаттықтырушысы- Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Зачесовтың айтынша, жаңа ұйымның штаб-пәтері Алматыда орналасқаны жөн. С. Шаверновтың айтуынша, "Еңбек" клубы бірқатар командалармен келіссөздер жүргізді. Бастаманы Литва, Украина, Эстония, Армения, Латвия өкілдері қолдап отыр. Алайда лиганы құру үшін "үкімет пен астаналардың әкімдері тарапынан күшті қолдау қажет". Еуразиялық лига Алматыда хоккейдің жандануына дем берер еді,-деп санайды жаңа спорт ұйымын құру жөніндегі бастамашылар.

"2011- жылы өтетін қысқы олимпиадалық ойындар қарсаңында клубқа тұрақтылық қажет. Оны бас демеуші ғана қамтамасыз ете алады",-деп атап өтті С. Шавернов. Оның айтуынша, команда бюджеті жеті команда ойнайтын Қазақстан чемпионатына қатысуға ғана жетеді. Бір маусымда команда 28 ойын өткізеді. Ал бұл спортшылардың деңгейін көтеру және жоғарғы жетістіктерге қол жеткізу үшін жеткіліксіз қаржы.

А. Зачесов "Еңбектің" бұрынғы Кеңестік республикалар астаналарының құрамалары ойнаған лигада көшбасшы болғанын еске салды. Қазіргі кезде Қазақстан чемпионатына қатысушы құрамалар арасында жас мөлшеріне қарағанда ең жас екендігіне тоқталды. Ойыншылардың орта жасы 18-ден асады. Құраманы дамыту үшін өзінен күшті қарсыластармен күш сынасу керек. Ал Еуразиялық лига бұл мәселені оң шешімге келтірер еді.

С. Шаверновтың пікірінше, жаңа лига жарыстарын өткізу үшін Алматыда қазір бар екі спорт сарайының хоккей алаңдары жеткілікті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті