республикалық веложарыста Қызылорда облысының командасы екінші орынды жеңіп алды. Бұл додаға еліміздің барлық өңірінен 191 велошабандоз қатысты. Қызылорда қаласынан 20 спортшы барды.
30 шақырымдық командалық жарыста Алматы облысы бірінші орынды иеленсе, Қызылорда облысы екінші орынды (команда құрамында Саламат Жанат, Мади Әзен, Нұрлыбек Әбдугафаров, Нұрымжан Амановтар бар), үшінші орында - Жамбыл облысы.
Сол сияқты 44 шақырымдық критериумда қызылордалық Мәди Әзен күміс жүлдені иеленді. Облыс командасын жарысқа Руслан Мұратбеков, Руслан Ягафаров, Станислаф Огнев және Кеңес Оразалиев сынды жаттықтырушылар дайындады.