Царнаев жарылғыш зат жасағаны және оны іске қосып, бірнеше адамның өліміне себепкер болғаны үшін жазаланбақ. Алқабилер шешімді бірауыздан қабылдаған. Тіпті, адвокаттарының «ағасы Тамерланға еріп істеді» деген уәжін де пысқырмады. Ақырғы айыптау үкімі айтылды, енді соңғы сөз судьяда. Санаулы айлардан соң осы Царнаевтың сыбайласы деп айыпталған біздің жерлестеріміз Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжияқовтың да тағдыры шешіледі. Әне-міне соңғы нүктесі қойылғалы жатқан іс осымен екінші жылға созылып жатыр. 2013 жылдың әйгілі Бостон марафоны кезінде жарылыс боп, 200 адам ауыр жараланған еді. 3 азамат сол жерде мерт болды.
Loading...