"Әлсіз болуға хақым жоқ": Ақбота Сейтмағамбет балаларын қалай жалғыз тәрбиелеп отырғанын айтты


"Әрнәрсенің қайыры бар, Алла өзі реттеп, жеңілдігін беріп қояды екен. Әрине оңай емес, бірақ мойнымдағы аманатым болғандықтан, әлсіз болуға хақым жоқ! Мен анамын 40 жанды", - деп бөлісті Ақбота.

Сондай-ақ, әнші алға ұмтылу үшін шабытты қайдан алатынын түсіндірді.

"Бірқалыпты жүру мүмкін емес, бірсарынды өмір қайда? Әртүрлі күйді бастан кешіруге тура келеді. Бірде қуанып, шабытпен ұшып жүресің де, бірде сүрініп құлап еңіреп жылап отырасың. Ең мықты адам ғана жығылған жерінен тұрып, тізесін қағып, бұл мен үшін соңы емес, менің жеңісім алда деп нық сеніммен алға жүретін адам. Үп еткеннің бәріне құлай беру маған тән нәрсе емес! Өзімді әрқашан рухты, берік, төзімді жандардың қатарынан көремін", - деді Сейтмағамбет.