"Әлсіздік байқалды": Шенеуніктер вакцинациядан кейінгі жағдайлары туралы айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"1 қаңтардан бастап 5 700 медицина қызметкері вакцина алды. Біз вакцинациядан кейінгі асқыну жағдайлары туралы ақпарат жинастырып жатырмыз. Ерлан Аңсағанұлымен (Қиясов - ред.) осы екпені алдық. Бірінші күні әлсіздік байқалды.

Вакцинаны алған көптеген әріптесім бірінші күні әлсіздік белгілері туралы айтады. Талдықорғанда болған жағдайдан басқа, бізге күрделі аллергиялық реакциялар туралы ақпарат келген жоқ, - деді Ғиният ОКҚ брифингінде.

Еске салсақ, 1 ақпаннан бастап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда "Спутник V" ерікті вакцинациялау науқаны басталды.