Алтай аймағы Қазақстанның электр қуатының импортына мүдделі - аймақ губернаторы

Оның сөздері бойынша, бүгінгі кезде Алтай аймағында электр қуатының тапшылығы қатты сезінеді. Өздеріндегі қуат көлемі сұраныстың тек 50 пайызын ғана қамтамасыз етеді. Губернатор мәлімдегеніндей, мәселені "Екібастұз - Барнаул" ЛЭП -1150 трансконтиненталды желісін қайта жандандыру арқылы шешуге болады".

"Электр қуатын жеткізудің техникалық мүмкіндігі сақтаулы, бірақ тиісті ұйымдастыру шешімдері туралы сауал туындап отыр ", - деп атап өтті Алтай аймағының губернаторы.

А. Карлиннің айтуынша ЛЭП -1150 желісін қалпына келтіру жөніндегі мәселені ол РАО "ЕЭС Ресей" мен РФ тиісті министрліктерімен шешуге талпынған. Алайда, мәселе әзірге шешімін таппай отыр. Осыған байланысты ол Павлодар облысының әкімі Қ. Нұрпейісовке Екібастұз-Барнаул электр желісімен қуатты жіберуді қалпына келтіру мәселесі бойынша өз жағынан қолдау жасау жөнінде өтінішін білдірді.

"Егер біз екі жақтан бір мәселе бойынша бастаманы көтеретін болсақ, онда бір бағытта жұмыс істей отырып оны орнынан қозғайтын боламыз ", -деді губернатор. "Бұл бізге арзан қуат көзін алуға және оның сату мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қуатты түрлі жолдармен сатуға болады, ал оны тасымалдау үлкен шығындармен байланысты екені белгілі. Ал біздегі тасымал жолы қысқа және көлемдер сол күйінде сақталады ", - деп атап өтті А. Карлин.

Қ. Нұрпейісов айтқанындай, "ЛЭП-1150 қазір жұмыс қалпында және ол Ресей, Қазақстанның желілік компанияларының назарында тұр. "Біз міндетті түрде электр қуатын тасымалдау жөнінде барлық жағдайларды пайдалануға тырысамыз " - деп атап өтті Қ. Нұрпейісов.

ЛЭП-1150 "Екібастұз - Барнаул" желілері бойынша қуат көздерін тасымалдау Қазақстан мен Ресей арасындағы электр жүйесінің жұмысы бұзылғанда 1997 жылдың сәуір айында тоқтатылды. Соның нәтижесінде ЛЭП электр сымдары мен бағандары ұрланып, үлкен шығынға ұшырады.

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін 2003 жылдың 12 қарашасында желінің жұмысы қайта қалпына келтірілді. Жұмыс кернеуі 500 кВт болатын және 700 шақырымға созылып жатқан ЛЭП Барнаул - Екібастұз - Көкшетау - Қостанай - Челябинск трансконтиненталды электр желісінің бір бөлігі болып табылады. Бұл желі 1150 кВт кернеулік күші бар және әлемде баламасы жоқ бірегей электр желісінің нысаны ретінде 1988 жылы салынды.