Алтай аймағында Қарағанды - Новокузнецк пойызынан 0,5 кг есірткі тәркіленді

Алтай өңірінің полиция қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, полиэтиленге оралған металл қағаздағы түйіншек Қарағандыдан келе жатқан пойыз жолаушыларының бірінің жол сөмкесінен табылған. "Сарапшы анықтамасына сәйкес, бұл зат есірткі заты. Оның құрамында героин (диацетилморфин), 6-моноацетилморфин, ацетилкодеин бар", - деді Алтай аймағы көліктегі желілік ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Ольга Зубкова.

Есірткінің жалпы салмағы 425 граммды құраған. Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, есірткі заты Алтай аймақтық Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасы мен Алтай аймақтық көліктегі желілік ішкі істер басқармасының бірлескен шаралары аясында табылған.

О. Зубкова хабарлағандай, есірткіні заңсыз тасымалдауға күдікті ретінде қамалған Қазақстанның 53-жастағы тұрғыны кезекші бөліміне жеткізілген. Қазір аталмыш дерек бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр.