Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабар
ОКҚ онлайн-брифингінде әкімге LRT құрылысына қаражат қайдан алынатыны туралы сұрақ қойылды.
"Бұл қаражат компания ішінде бар. Біз әлі қосымша қаражат тартқан жоқпыз. Бұл - ішкі резерв. Мердігер компаниялар құрамында қытайлық компаниялар да, жергілікті серіктестер де бар. Қолданыстағы шарт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қосымша қаржыландыру көлемін тартқанда, жұмыс жалғасады", - деп жауап берді әкім.
Әкімнің айтуынша, бастапқыда LRT құрылысы жобасы 2,6 миллиард долларға бағаланған.
"Біз оны 800 миллионнан аса долларға төмендеттік. Оған қоса, үнемдедік. Яғни, қаржыландыру үшін қазір тағы бір миллиард доллар қажет. Вагондар, рельстер, инфрақұрылым. Жалпы, құрылысты толық бітіру үшін осынша қаражат керек. Байқау жүріп жатыр", - деді ол.
Алтай Көлгінов сыртқы қарыздарға конкурс жарияланғанын айтты.
"Банктер қатысып жатыр. Байқау аяқталғаннан кейін қосымша хабарлап, айтамыз. Конкурс әлі аяқталған жоқ, сондықтан әзірге ақпарат жоқ", - деді әкім.
Ол қаржыландыру көздері ішкі қаржы нарығында да қарастырылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл ретте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражат алу қарастырылмайды. "Тек екінші деңгейлі банктер ғана", - деді әкім.
Қала басшысы жоба аяқталуы мүмкін алдын ала мерзімдерді де атаған жоқ. Оның айтуынша, қаржыландыру көздері бойынша байқауды жаздың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бірақ іс жүзінде байқау өтпей, жаңасы жарияланатын кездер де болады.
"Аяқтағаннан кейін, ақпарат аламыз. Сол кезде LRT туралы қызығушылық тудыратын барлық ақпаратты береміз", - деп түйіндеді ол.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысы ресми түрде қайта басталғанын айтқан болатын.