РФ Алтай өлкесінің Новосельское ауылында дәстүрлі қазақ халық мәдениетінің эксперименталдық орталығы ашылды.
«Орталықтың алғашқы келушілерінің бірі Павлодар облысы Успенск ауданының делегациясы болды», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне аудандық әкімдік мәлімдеді.
Орталықта қазақ халқының тұрмысы, тарихы мен мәдениетіне арналған арнайы экспозиция безендірілді. Таяуда ол қазақ ұлттық киімдерімен және музыкалық аспаптарымен толығады.
Орталыққа келген қонақтар қазақ мәдениетімен, тарихы және тұрмысымен танысады, ұлттық музыка тыңдап, тағамынан ауыз тиеді.