Алты адамның өмірін қиған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды - ОҚО

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, қылмыстық іс ҚР ҚК 296-бабы бойынша қозғалды. Жол апатында жүргізуші мен Mercedes Benz автокөлігінің бір жолаушысы ғана аман қалды. Осы көлік КамАЗ-ды басып озбақ болып, жолдың қарсы жағына шығып кеткен. Салдарынан екі көлік соқтығысып, оқиға орнында «Приора» жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы тіл тартпай кетті. «Мерседес» көлігіндегі жолаушылардың бірі 1986 жылы туған ер адам қаза болды.
Аман қалғандары қазір ауыр халде Шымкент ауруханасында жатыр. Олар бас, төс қуысы, төменгі жақтарынан жарақаттар алған.

Еске сала кетейік, ЖКО кеше «Шымкент-Леңгір» тас жолының бойында 17:20 кезінде орын алды. Қақтығыстың қатты болғаны соншалық көліктердің сау-тамтығы қалмаған.