Министрлік дерегінше, осы уақыт аралығында Қазақстаннан шет елдерге 16 мың 700 адам қоныс аударған
Былтыр 25 мың 197 адамға Қазақстанда тұрақты тұру рұқсаты берілген, оның 9 мың 951-і - оралман. 2015 жылы Қазақстаннан көшіп кеткендердің саны 33 мың 468 адам болған..
2010-2015 жылдар аралығында 212 мың 600 шетелдікке Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат берілген, оның 114 мың 900-і - оралман.
Қазақстанға көшіп келушілердің дені Алматы және Маңғыстау облыстарына қоныстанған. Елге келгендердің көбі ТМД аумағынан қоныс аударған. Ал кетушілердің көбі Ресей мен Германияға аттанған.