Мұндай статистиканы Алматы қаласы Әділет департаментінің ресми өкілі Әсемгүл Батыргереева келтіріп отыр. Оның айтуынша, жынысын өзгерткен 10 адамның ішінде төрт ер адам жынысын - әйелге, алты әйел ер адамға ауыстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы Әділет департаментіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, департамент аталған азаматтардың жыныстарының өзгеруіне байланысты жеке басын куәландыратын жаңа құжаттарды алу тәртібі қалай жүретінін айтып берді.
«Жыныстың өзгертілуі Қазақстан Республикасының Неке және отбасы (ерлі-зайыптылық) туралы Кодексінің 257-бабының 13-тармағында түсіндіріледі. Жеке басты куәландыратын құжатты өзгертуге АХАЖ-дың қорытындысы және өзгеріс туралы медициналық анықтама негізінде жүзеге асырылады. АХАЖ-да дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы болған жағдайда ғана өтініштер қабылданады», - деді Әсемгүл Батыргереева.
Оның айтуынша, мұндай жағдайларда жаңа құжаттарды алу процедурасы тұрақты өзгеріске дейін көп уақытты алады.
«Тіркелген кезде толық дербес деректер тіркеуге дейін және тіркеуден кейін көрсетіледі. Сонымен қатар, АХАЖ бөлімшелері адамның жеке деректерін өзгертуден бас тартуға құқылы емес», - деді Әсемгүл Батыгереева.
Әділет департаменті өкілінің айтуынша, бұрын құжаттарды өзгерту тек Қазақстан азаматтарына ғана қолжетімді болса, енді бұл қызмет азаматтығына қарамастан кез-келген адам үшін тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.