Алты жасар баланы зорлады деген күдікпен ер адамды ұстады

Баласының жоғалып кеткендігі жөнінде анасы полицияға шағымданған. Ол ұлын балабақшадан алып шығып, өзімен бірге жұмысқа дүкенге алып барады. Әйел адам бір сәтке басқа жаққа көңіл бұрған кезде бала далаға шығып кеткен. Жанында тұрған баланың жоқ екенін байқаған анасы оны іздей бастайды. Әйелдің танысы оған ұл баланың бейтаныс ер адаммен кетіп қалғанын көргенін айтқан. Әйел адам дереу полицияға хабарласады.

Баланы іздеуге Павлодар ІІБ жеке құрамы жұмылдырылды. Куәгерден сұрақ-жауап алынып, ұл бала ілесіп кеткен ер адамның белгілері анықталды.

Әйел адам хабарласқаннан кейін бір сағат ішінде көшелерді тінту кезінде қоршау мен жылу құбырлары арасынан полиция қызметкерлері ер адам мен жоғалған баланы көрген, ер адам полицейлерді көріп қалып, қашуға тырысқан.


Күдіктінің жеке бас мәліметтері анықталды, ол бұрын сотталмаған, ешқайда жұмыс істемейтін 28 жастағы павлодарлық азамат болып шықты.

Сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды, ұсталған адам уақытша қамау изоляторына тоғытылды.