Алтын бағасы жаңа тарихи рекорд орнатты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Comex биржасындағы маусым айындағы алтын фьючерстері 1,89%-ға, яғни 61,22 долларға қымбаттаған. Бұл көрсеткіш алтын бағасының рекордтық деңгейге жеткенін білдіреді.

Сарапшылардың айтуынша, алтын бағасының күрт өсуіне Қытайдың АҚШ-қа қатысты жаңа кедендік баж салығын енгізуі себеп болған. Геосаяси шиеленістер аясында алтын дәстүрлі "қауіпсіз актив" ретінде сұранысқа ие болып отыр.