«Алтын белгі» сатып алғыңыз келсе, 500 мың теңге төлеңіз


Хабарландыру желіге 25 қаңтар күні түнгі сағат 12-ден 45 кеткенде жүктелген. Онда геолокация Алматы облысы Алатау ауданы деп көрсетіліп тұр.

Ал, Білім және ғылым министрлігі болса «Алтын белгі» төсбелгісін сатуға тыйымның салынбағанын айтады. Яғни, аталған медаль сертификатпен бірге нақты бір адамға ғана берілген. Оны өзге адам тек сувенир ретінде ғана пайдалана алады. Сондықтан, «Алтын белгіні» нумизматтар үшін расымен де қызығушылық тудыруы мүмкін.