«Алтын белгіден» үміткерлердің 65 пайыздан астамы ғана өз білімдерін қуаттады


"Алтын белгіге" үміткерлердің жалпы саны - 5 037 түлек болды, оның 4 982-сі тестілеуге қатысты, 3 259-і, яғни 65,4 пайызы - өздерінің үздік білімдерін растады. Үздік білімдерін растай алмағандардың саны - 1720, оның ішінде бір пән бойынша - 996 түлек. 450 мектеп бітірушіге "Алтын белгі" белгісін растауға 1 балл жетпей қалды. Бірақ оларға үздік аттестат беріледі.