Басылым осы жылы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген еді. Нәтижесінде биылдан бастап үздік ойыншыны анықтау жаңа жүйеде өтеді. Жаңа жүйе болғанда, бұрынғы «France Football» басылымының ережесі бойынша анықталады. Яғни, «Алтын доп» иегерін анықтауға тек тілшілер ғана қатысатын болады. ФИФА бұл марапатты табыстаған тұста тілшілермен қатар, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы мен капитандары да дауыс беруге қатысқан болатын. Сондай-ақ, биылдан бастап «Алтын допқа» үміткерлер саны 23-тен 30-ға артып отыр.
«ФИФА-ның Алтын добы» - маусымның ең үздік футболшысына берілетін жүлде болатын. Марапат 2010 жылы «France Football» нұсқасы бойынша анықталатын «Алтын доп» және «ФИФА-ның жыл ойыншысы» атты екі жүлденің бірігуі нәтижесінде пайда болған еді. Араға 6 жыл сала қос тарап арасындағы келісімнің жібі үзілді.
Сонымен биылғы үміткерлер тізімі төмендегідей:
1. Серхио Агуэро («Манчестер Сити»)
2. Пьер-Эмерик Обамеянг («Боруссия» Дортмунд)
3. Гарет Бэйл («Реал»)
4. Джанлуиджи Буффон («Ювентус»)
5. Криштиану Роналду («Реал»)
6. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»)
7. Пауло Дибала («Ювентус»)
8. Диего Годин («Атлетико»)
9. Антуан Гризманн («Атлетико»)
10. Гонсало Игуаин («Наполи»)
11. Златан Ибрагимович («Манчестер Юнайтед»)
12. Андрес Иньеста («Барселона»)
13. Коке («Атлетико»)
14. Тони Кроос («Реал»)
15. Роберт Левандовски («Бавария»)
16. Уго Льорис («Тоттенхэм»)
17. Рияд Марез («Лестер»)
18. Лионель Месси («Барселона»)
19. Лука Модрич («Реал»)
20. Томас Мюллер («Бавария»)
21. Мануэль Нойер («Бавария»)
22. Неймар («Барселона»)
23. Димитри Пайет («Вест Хэм»)
24. Пепе («Реал»)
25. Поль Погба («Манчестер Юнайтед»)
26. Руй Патрисиу («Спортинг»)
27. Серхио Рамос («Реал»)
28. Луис Суарес («Барселона»)
29. Джейми Варди («Лестер»)
30. Артуро Видаль («Бавария»)
Айта кетейік, «France Football» - Францияның 1946 жылдан бері сейсенбі және жұма күндері шығып келе жатқан футбол тақырыбындағы журналы. Басылым маусымның үздік ойыншысын 1956 жылдан бері анықтап келеді.