Caravan Logo

Алтын құймаларының бағасы 1,5 есе қымбаттады

Алтын құймаларының бағасы 1,5 есе қымбаттады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алтын алу да инвестицияның бір түрі. Бірақ ол сізге 2-3 айда пайда әкеле қалады десеңіз, қателесесіз. Айналымда ұзақ жатқанда ғана еселеп қайтады. Әлбетте, нарықтағы бағасын бағамдап отыру маңызды. Экономистер "алтын бар жерде тәуекел барын" ескертеді.

"Бір ғана бағытқа, тұрғын үйге немесе көлікке ақшасын сала беретін болса, болашақта банкротқа ұшырап қалу қаупі жоғары. Менің қосымша 1 млн артық ақшам болса, мен оны жастықтың астына тығып қойғаннан гөрі, оны әртараптандыруым керек. Ең қарапайым түрі – алтын. Алтын теңгелі депозит сияқты тез табыс әкелмейді. Бірақ ол тұрақты валюта. 10 жылдан кейін де алтынның бағасы қымбаттамаса арзандамайды. Ол да біздің тәуекелімізді тиімді жұмсауға мүмкіндік береді."