"Алтын квадраттың" тұрғындары шенеуліктердің озбырлығына қарсы наразылықтарын білдіріп, аштық жарияламақ

"Біз, қаланың тарихи орталығындағы үйлердің тұрғындары, "Алматыжер" басшыларының озбырлығына қарсы наразылық білдіреміз. Біз "Модуль-Инвест" ЖШС-тің (инвестор. - Kazakhstan Today ескртуі) өкілдерінің бізбен, яғни тұрғындармен 2007 жылдың 5-ақпанына дейін дұрыс келісімге келіп, бізге нақты нарық бағасымен төлемақы төлеуді немесе осы аудандағы бірдей бағалы тұрғын үй берулерін талап етеміз. Егер аталмыш талап қанағаттандырылмаса, біз 5-ақпанда жаппай аштық жариялауға мәжүбүрміз",- деп мәлімдеді Н. Ибрашев.

Н. Ибрашевтың сөзіне сүйенсек, аштық жариялауға 40-50 тұрғын әзір.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті