"Алтын Орда базарына барамын деп кеткен": Алматы маңында 18 жастағы қыз жоғалып кетті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Туыстарының айтуынша, Аружан есімді қыз кеше таңертең үйден шығып, қайта оралмаған. Оның телефоны сөндірілген.

Қыздың белгілері: ақшыл шашты, бойы 180 сантиметр, ақ түсті дубленка мен ақ бас киім киген.

"18 жастағы қыздың жоғалып кетуі дерегі бойынша Қарасай аудандық полициясында арыз тіркелді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оның қайда екенін анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр," – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.