"Алтын орда" базарында телефоны үшін таяқ жеген жігіт қайтыс болды

Жанжалдан кейін жәбірленуші үйге келіп, есінен танып, комаға түскен, деп хабарлайды Kazakh24.info.

24 жастағы Алматы тұрғыны есін жимай көз жұмды. Артында жүкті әйелі қалды.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталды.

«Осыған байланысты, аталған дерек бойынша қосымша тергеу әрекеттері ұйымдастырылып, нәтижесінде қылмыстық істі қайта саралау мәселесі қаралатын болады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оны қамауға алу шаралары жүргізілуде.

«14 маусымда «Алтын Орда» базарында екі жас жігіттің арасындағы жанжал болды. Іс жүзінде «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу материалдарында жәбірленуші Талғар ауданының 23 жастағы тұрғыны болып шықты, ол осы уақытқа дейін ауруханада емделіп жатқан», - деп хабарлады Алматы облысы бойынша ДПД.


Loading...