Жұмыстар 2019 жылы наурыздың 15-нен бастап қыркүйек айының 15-не дейін қабылданып, оқырмандар қазан айының 1 дейін дауыс берді.
Биыл ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасы құрамына Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Арман Шораев, Нұржан Мұхамеджанова, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Қуат Домбай, Бекнур Қисықов, Байғали Есенәлиев, Ділдәгүл Нұрмаханбет, Татьяна Филипчик және басқалар енді.
«Алтын қалам 2019» әдеби жүлдесінің жеңімпаздарды марапаттау шарасы Алматы қаласындағы елімізге және шетелге кең танымал Ыхлас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде өтті.
Балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесін және “ZHERSU” инвестициялық-өндірістік корпорациясы ұсынған бір млн теңгені балаларға арналған «ДАРАБОЗ» байқауының жеңімпазы Қарлығаш Сарыбаева жеңіп алды.
Бізді қолдағандар: “ZHERSU” инвестициялық-өндірістік корпорациясы, "Русское радио Азия", HALYK GROUP, Қазақстан баспасөз клубы, "КТК", «Алматы», "31 телеарна", "Меломан" сауда желісі, "Qamshy.kz" ақпарат агенттігі, "Massaget.kz" жастар порталы, "Айқын", "Жас алаш" басылымдары.
Байқауға жұмыстар наурыз айынан қыркүйек айының ортасына дейін қабылданып, оқырмандар ғаламтор арқылы қазан айына дейін дауыс берді.
Биыл сайысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекістан, Украина, Израиль, АҚШ, Молдова, Германияда тұратын 397 автордан 778 шығарма түсті. Олардың барлығы жүлденің www.akalam.kz ресми сайтына орналастырылды.
Оқырмандардың қолдауы және қазылардың таңдауымен әр аталым бойынша жеңімпаздар анықталды:
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ» - Дәурен Тілеухан (Ақтөбе)
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ» - Гүлнәр Ізтаева (Шымкент)
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНОСЦЕНАРИЙІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ» - Қуаныш Жиенбай (Астана)
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ӘДЕБИЕТІ “ДАРАБОЗ» - Қарлығаш Сарыбаева (Қарағанды)
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ» - Амандық Сағынтайұлы (Атырау)
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКАСЫ ЖӘНЕ ДЕТЕКТИВІ» - Оралбек Бекболат (Кентау)
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН » - Әбдіжәміл Нұрпейісов
«ЛУЧШАЯ ПОЭЗИЯ ГОДА» - Ольга Кувшинникова (Усть-Каменогорск)
«ЛУЧШАЯ ПРОЗА ГОДА» - Куаныш Жиенбай (Астана)
«ЛУЧШАЯ ДЕТСКАЯ И ПОДРОСТКОВАЯ ЛИТЕРАТУРА ГОДА “Дарабоз» - Ксения Евдокименко (Алматы)
«ЛУЧШАЯ САТИРА ГОДА ИМЕНИ ЕСЕНЖОЛА ДОМБАЙ» - Ерлан Кошкинбаев (Алматы)
«ЛУЧШАЯ ФАНТАСТИКА И ДЕТЕКТИВ ГОДА» - Альнура Курмангали (Алматы)
«ЛУЧШИЙ КИНОСЦЕНАРИЙ И ДРАМАТУРГИЯ ГОДА» - Ксения Евдокименко (Алматы)