«Алтын қалам» иелерін тапты

Байқау екі кезең бойынша өткен. Алдымен авторлар өз туындыларын сайттарға салып, қара сөздің қадірін ұғар оқырманнан дауыс жинады. Екінші сатыда ұйымдастырушылардың сүзгісінен өткен шығармалар сараланған. Ең үздік деп танылған поэзия, проза және балаларға арналған туындылардың авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталды. Биыл байқауға қатысушылар мен ұсынылған шығармалар саны екі есеге өскен екен. Келіп түскен 364 туындының 60 пайызы қазақ тілінде.Сонымен, «Жылдың ең үздік прозасы» номинациясы бойынша Сәкен Сыбанбай «Мұңлық» деген шығармасымен озық шықты. Ал поэзия жанры бойынша Оразбек Сапархан бас жүлде иеленсе, Ботагөз Жалмағанбетованың «Киіз үй» атты туындысы үздік балалар шығармасы атанды.


Айдос Сарым, саясаттанушы:

–  Біздің қазақ әдебиетіне бет бұрған азаматтардың көбі өз өмірін қоғамның өмірінен, жалпы мемлекетте болып жатқан оқиғалардан еш бөліп қарамайды. Әсіресе жастардың поэзиясында қоғамдық, азаматтық сарын басым. Шетелге кетіп жатқан балалар тағдыры жастар әдебиетінен орын алғаны бізді қуантады.