«Алтын сапа» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Айта кетейік, «Алтын сапа» байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға Қазақстан аумағында тауар өндіретін, қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Дегенмен, айтулы шараға қару-жарақтар, әскери техникалар шығаратындар, мемлекеттің қатысу үлесі 50 пайыздан жоғары болып табылатын кәсіпорындар, сондай-ақ Қазақстан заңнамаларына сәйкес, оңалту және банкроттық мәселелер бойынша процедуралар жүргізіліп жатқан ұйымдар қатыса алмайды.

Бұл ретте байқауға қатысуға ниет білдірушілер 2016 жылғы шілденің 1-іне дейін рәсімдеу Ережелеріне сәйкес өтінім мен материалдарын ұсынулары тиіс.