«Алтын сапа» иегерлерi бұрын-соңды болмаған мемлекеттiк қамқорлыққа алынбақ

Бұл туралы бүгiн Қазақстанның Ұлттық кәсiпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлiм еттi.

Айта кетейiк, «Алтын сапа» президенттiк сыйлығы 2006 жылы құрылған болатын. 2015 жылдан бастап, оның өткiзiлуi Ұлттық кәсiпкерлер палатасына жүктелiп отыр.

«Шетелде осындай байқауларды кәсiпкерлер өздерi өткiзедi. Биылдан бастап, сыйлық иегерлерiн анықтау комиссиясының құрамы да өзгередi. Ендi үкiметтiк органдар емес, комиссия мүшелерiнiң 80 пайызы әр салада қызмет ететiн кәсiпкерлерден құралмақ. Қазақстанның тұтынушылар лигасы қоғамдық ұйымы да осы комиссияға мүшелiк етедi, себебi тауар тұтынушыларының пiкiрiн де ескеру қажет», - дейдi ол.

Оның айтуынша, сонымен қатар сапа стандартының жоғары деңгейiн алған кәсiпкерлер мемлекет тарапынан бiрқатар ынталандырушы жеңiлдiктер мен басымдықтарға ие болады.

«Қазiргi уақытта олар тек «Алтын сапа» белгiсiн төрт жылға жарнамалық мақсатта пайдалану құқықтарын иелене алады. Бiз одан басқа бiраз ұсыныстарды енгiзiп отырмыз. Оның iшiнде 3-4 жылға оларды тексерiстерден босату мәселесi де бар. Сондай-ақ оларға мемлекеттiк сатып алуларда және ұлттық компаниялардың сатып алуларында ұзақмерзiмдi келiсiмшарт жасау құқықтарына ие болу мүмкiндiгiн қарастырамыз. Бiздiң мемлекетiмiзде жыл сайын 9,5 триллион теңгеге сатып алу конкурстары өткiзiледi. «Алтын сапа» белгiсiне лайық болған ең сапалы тауар өндiрушiмен бiз неге ұзақмерзiмдi келiсiмшартқа отырмаймыз?! Оны жасау үшiн бiз заңдарға бiраз өзгерiс енгiзуiмiз керек», - деп атап өттi ол.


Оның сөзiне қарағанда, бұл жеңiлдiктер келесi жылдан бастап күшiне енуi ықтимал. 

Бұның алдында хабарлағанымыздай, Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Алтын сапа» президенттік байқауының басталғанын жариялады.

Биыл үздіктер үш аталым бойынша анықталады: «Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».

«Алтын сапа» президенттік сыйлығы сапалы тауар және қызмет көрсету саласында үлкен табыстарға жеткен, тиімділігі жоғары сапа менеджментін сәтті енгізген кәсіпорындарға беріледі. Әрбір аталым бойынша ірі кәсіпкерлік субъектісі, орта кәсіпкерлік субъектісі және шағын кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша екі сыйлықтан тағайындалды.

«Байқауға қатысу өте оңай. Байқау ұйымдастырушыларына 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін қатысу туралы өтінішті тастаса болды», - делінген ҰКП хабарламасында.

Дипломанттар байқау эмблемасын төрт жыл бойы жарнамалық мақсаттарға пайдалану құқығына ие болады.