Алтынай Жорабаева: "Күйеуім ешқашан қазақстандық әншілерді тыңдамайды"

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әнші инстаграмдағы Stories-те күйеуімен екеуара болған әңгіме жайлы видео жариялады.

"Қазіргі фанатым. Бұрын Алишпен танысқан кезімде: 'Сен негізі ән айтады екенсің ғой' деген еді. Содан соң күліп, 'Өмір өзен' деген әнімді жіберген болатынмын ватцап арқылы. Содан ол: "мәссаған, сен керемет айтады екенсің ғой" деп жауап жазды. Ойлаңызшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайреткеріне солай айтты" , - деді әнші күліп.

Алтынайдың жолдасына қойған сұрағы: "Жан, сен неге солай айттың сол кезде маған?!"

Жолдасы: "Себебі қазақстандық әншілерді ешқашан тыңдамағанмын" ,- деп жауап берді.


Алтынай: "Тоқташы мына жерден түсіп қалайыншы, жаяу кете берейін", - деп қалжыңдады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында некесін жаңартқан Жорабаева ханым махрге су жаңа көлік сұрағанын айтқан болатын.