Алтынбаев ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысады

Бұл бас қосуда министрлер ТМД аясындағы әскери ынтымақтастық жайын талқылайды.

Бүгін, 23-маусымда РФ қорғаныс министрі Сергей Иванов Тәжікстанға келеді. Сонымен бірге Қырғызстан, Армения, Беларусь және Өзбекстан қорғаныс министрлері де Душанбеге келеді деп күтілуде.
Отырысқа Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов қатысады.