Мұндай шешімнің шағарылуына – Қоразбаев арызы бойынша жауап беруші тұлғаның марқұм болуы себеп. Сазгер зәулім үйді досы Сырым Құлажанов қайтыс болғаннан кейін даулап, арызданған болатын. Ал теке-тіреске түрткі болған – мына 900 шаршы метрлік коттедж. Қоразбаевтың айтуынша, 2012 жылы бизнестегі серіктесі Құлажановқа 7 миллион теңгеге сатқан. Тек алып-сату құжаты рәсімделгенімен, Қоразбаев ақшаны әлі көрмедім дейді. Енді көруі де екіталай. Сот жауап беруші азаматтың қайтыс болуына байланысты істі доғаруға шешім шығарды.
Мина Әмірәлиева, адвокат:
-Құжаттарымыз заң негізінде жасалғаны дәлелденді. Оның үстіне, арыз марқұмның атына түсірілген. Мүліктің ақшасы да төленген.
Loading...