"Алтынбектің өлімін Тасмағамбетовке жаппақ болды": ҰҚК-ның экс-төрағасы Сәрсенбаетың өліміне қатысты тың деректер айтты

Бұл туралы ол "Abay Live" Youtube арнасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Мен қызметке Сәрсенбаевтың өлімінен кейін келдім. Оны ісшкі істер тергеді, қарады. Ибрагимов Сәрсенбаевты да, көмекшісін де, күзетшісін де өлтірді. Ол мойындады, оны 20 жылға соттады. Мен Арқалықта түрмеде жатқан жеріне бардым. 2,5 сағат сөйлесіп, бәрін жазып алдым. Оның бәрі қазір менде бар. Сол кезде ол маған бұл тапсырманы Рахат тапсырды деп айтты. Сәрсенбаевты өлтіргісі келген адамдар оны шынымен өлтіргісі келсе, өлтіріп, көміп тастар еді ғой немесе өртеп жіберер еді. Ал бұлар оны әдейі адамдар көретін жерге тастады.  Мен бұл істі аяғына дейін жеткізк алмадым. Сол кездегі билік рұқсат бермеді. Алтынбек Сәрсенбаев 2007 жылы февральда өлтірілді. Дәл бір жылдан кейін Рахат Әлиев 3 банкирді қамап, ақшаларын шығарып, өлтіріп тура сол жерге апарып тастайды. Осы банкирлардың бірі Иманғалидың әпкесінің баласы. Оларға СОБР-дың екі офицері көмекке  барды. Оларды да біріктіріп қамап тастады. Сөйтіп бәрін ұйымдастырған Иманғали Тасмағамбетов қылайын деді. Мүмкін мұны жасаған Рахат емес те шығар. Бірақ бізде осындай версия болды", - деді генерал. 


Генерал 2000 жылдардағы тағы бір атышулы оқиға Заманбек Нұрқаділовтың өлімі туралы да сөз қозғады.

"Нұрқаділов пен сол кездегі биліктің арасындағы қарым-қатынас дұрыс болмады. Оған Мақпалдың да кесірі тиді. Сенен қорқады, сені пайдаланады деп айтатын көрінеді. Ол кісі облыстың басшысы болып тұрған кезде Алматыдан кеткісі келмеді. Енді оны кім өлтіргені белгісіз. Мен де білмеймін. Мақпал маған көмек сұрап келді. Екеуміз сөйлестік. Оларға  қарама-қарсы Рахаттың үйі. Мақпалдың айтуынша, сол күні олардың үйіне машина тоқтаса Рахаттың күзетшісі тұрғызбай қойған. Тіпті ол  айқайлап шығып, көмек сұрап жүргенде аналар шықпай да қойған", - деді генерал Амангелді Шабдарбаев.