Продюсер Ayumi тобын тарататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
“Топты таратуымның себептері жағымды және қыздардың бәрі Ringo World орталығында қалады. Бірі жеке әнші ретінде, екіншісі өз жобасын әзірлейді, ал тағы бірі тұрмысқа шығады.
Сондықтан да жанкүйерлер уайымға салынбаңыздар. Қыздар әлі концерттерге және “Жыл таңдауы” Ұлттық музыкалық жүлдесіне қатысады”, – деп жазды Қонарова желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Айдана Шәріпханова тұрмысқа шығып, топтың құрамы ауысқан еді. Алғашқыда Ақназ бен Әсел дуэт болып өнер көрсетсе, кейіннен олардың қатарына Сандуғаш есімді ару қосылды. Ал небәрі екі ай бұрын топқа Назым есімді жаңа солист келген болатын.
Loading...