«Бүгін біздің арақатынасымызда қандай да бір серпінділікті жоспарлау дұрыс емес болар еді. Әлемдік дағдарысқа байланысты кейбір тауарлар айналымының төмендегеніне қарамастан біздің арақатынасымыз бірқалыпты, динамикалық түрде дамып келеді», - деді Александр Лукашенко.
Екі елдің арасында саясатта, дипломатияда ешқандай проблема жоқ. Мемлекеттеріміз халықаралық аренада біржақты ұстанымда, халықаралық күн тәртібі бойынша ұқсас көзқараста, үкімет пен президенттер арасында толық түсіністік бар, деп атап өтті Александр Лукашенко.
«Ал экономикаға келетін болсақ Беларусь Қазақстанды индустрияландыру жөніндегі бірқатар жобаларға белсенді түрде қатысуда. Біз бүгін шамамен 20-дай аса ірі жоба бойынша жұмыс істеп келеміз. Бұл жобаларға Қазақстан жүздеген мың қаржы жұмсап отыр. Біз осы қаржыны игере отырып, әртүрлі бағыттағы бірлескен кәсіпорындар құрудамыз, біздің экономикамыз еш жерде бәсекелеспей бірге дами алады, бұл үлкен артықшылық», - деді Беларусь басшысы.