А.Лукашенко: "Мұрагерлікке қарсымын, менің ұлдарым оған талпынбайды да"


«Мен кез келген мұрагерлерге қарсымын. Менің ұлдарым президент емес және оған талпынбайды да», - деп А.Лукашенко «Блумберг» агенттігімен болған сұхбатында мәлімдеді.
Ол президент сайлауда таңдалуы тиіс екенін атап көрсетті. Халық оның кім болатынын өзі таңдауы тиіс», - дейді А.Лукашенко.
Белорусь оппозициясы туралы айта келе ол, оппозиционерлер идеологиясын өзгертуі тиіс екенін мәлімдеді.
Белоруссияда президент сайлауының нақты мезгілі 2015 жылғы тамыздың басында анықталады. Бұған дейін Белорусь Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лидия Ермошина 15 қараша сайлау өткізуге қолайлы кез деп атап көрсетті. Беоруссияның қазіргі президенті А.Лукашенконың өкілеттік мерзімі 2016 жылы 21 қаңтарда аяқталады.