А.Лукашенко Үндістанға ЕАЭО және Еуроодақ нарығына шығуды ұсынды

кедергісіз шығу мүмкіндігін пайдалануды ұсынды. Бұл туралы ол бүгін беларусь-үндістан бизнес-форумында мәлім етті, деп хабарлады БЕЛТА.

А.Лукашенко Беларусь пен Үндістан өнеркәсіпте, энергетикада, логистикада, байланыста, био- және нанотехнологияларда өзара іс-қимылды күшейте алады, деп санайды.

«Мұндай кәсіпорындарды біз «Великий камень» индустриялық паркінде құратын боламыз», деді Беларусь Президенті. Ол үндістандық іскер топтардың өкілдерін парктің және тұтастай алғанда елдің әлеуетімен неғұрлым егжей-тегжейлі танысуға шақырды.  

 «Беларусьта өндірістер аша отырып, сіздер Еуразиялық экономикалық одақ нарығына кедергісіз шығуды пайдалана аласыздар және Еуропалық одақ нарығын игересіздер, - деп атап өтті беларусь мемлекетінің басшысы. - Сіздер осы екі одақтан артық үздік логистиканың болуы мүмкін емес екенін жақсы түсінесіздер, өйткені Беларусь географиялық жағынан осы экономикалық алыптардың нақ ортасында тұр».


Александр Лукашенко Беларусь аймақтар деңгейіндегі ынтымақтастыққа ерекше маңыз беретінін атап көрсетті. Оның пікірінше, мұндай өзара іс-қимыл екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік береді.