"Альварес, кет бұл жерден!". Головкин "Канелоның" жекпе-жектен бас тартып, кешірім сұрағанын сынға алды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті екінші кездесуден допинг дауына байланысты бас тартып, кешірім сұрағаны үшін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" деген кім? Барлығы оның алып мексикалық жұлдыз екенін айтуда. Соңғы баспасөз конференциясында ол былай деді: "Мен оған бара алмаймын, кешіріңіздер!". Адамдар үшін бұл барып тұрған бассыздық. Ол жұлдыз емес, ұлы емес, бокстағы маңызды адам емес. Ол өте нашар адам. Егер адамдар жекпе-жекті көргісі келсе, ол келісімін берсе, мен қарсы емеспін. Мен өзімді жақсы сезінемін. Мен ертегідегі шал құсап, күтіп отырмын. Оның кешірім сұрағаны есімде. Жарайды, қоя берші", - деді Головкин баспасөз конференциясында.

Осыған дейін, 5 мамырда Головкин MGM Grand аренасында мексикалық Хайме Мунгиеймен (28-0, 24 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар Головкиннің командасы ирландиялық Гэри О'Салливанның (27-2, 19 КО) кандидатурасында қарастырып отыр.

4 сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды. Бұл баспасөз жиынын соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын айтты.

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло,Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондерс те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.



17 және 20 ақпан күндері Альварестің Мексикада тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол дәрумені табылды. Мексикалық боксшының командасы бұл дәруменнің бұзылған ет арқылы түскенін айтып ақталуда.

Наурыз айында Альварес жаттығу лагерін Сан-Диегоға (АҚШ, Калифорния штаты) ауысытып, тағы үш допинг сынақ тапсырды. Олардың барлығы таза шықты. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) уақытша оны жекпе-жектерден шеттетті. Альварестің ісіне байланысты тыңдалып енді 18 сәуір күні өтеді. Егер боксшының кінәсі анықталса, ол бір жылға дейіншеттетілуі мүмкін.

4 сәуірде Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкин арасындағы екінші кездесу бәрібір де 2018 жылы өтетініне үмітті екенін айтты.

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді.

 

Оқи отырыңыз:

Ғашығымның атын жамбасыма жаздырамын - Айжан Байзақова
Эфирге 1 сағат қалғанда келмей қойған Нұрболат Абдуллиннің "жұлдыз ауруына" шалдыққанын айтты
Қазақша сөйлегені үшін орыс спортшысынан таяқ жеген қазақ қызы сотта жеңіп шықты