Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2002-жылдың 23-желтоқсанында ҚР Ұлттық банкі Альянс банктің облигация шығарғандығын тіркеген болатын. Соған сәйкес номиналдық құны 1 теңгені құрайтын , қаржымен қамтамасыз етілмеген 3 млрд. теңгенің атаулы купондық облигациялары қаржы рыногіне шығарылды.
25-маусымдағы жағдаймен "Альянс банк" ААҚ-ның активтері 33 млрд. теңгені, банктің жеке капиталы 2,7 млрд. теңгені құрады.