"Алып сосын тастай салатындай ойыншық емеспін": Қызын асырап алғанына "сан мәрте өкінген" Рақымбековке қызы жауап берді

Алайда Төлеутай Рақымбеков мұның жалғанын екенін, асырап алған қызын сотқа беріп жатқанын айтқан болатын.

Осы жағдайға байланысты Ақбота Рақымбекова Caravan.kz медиа порталының тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

- Әкеңіз туралы айтқаныңыз үлкен шу болды. Бұлай видео түсіруге не түрткі болды?

- Менің бар болғаны айтқым келетіні өзіме заң бойынша тиесілі мүлікті алу. Менің одан бірдеңе тартып алатын ойым жоқ, қалауым анамнан қалғанды қайтару. Қазір анам бұлай өмір сүріп жүргенімді қаламас еді.

- Әкеңіз Facebook желісінде жазған постында марқұм жары Салтанатпен сізді асырап алғандарына сан рет өкінгендерін жазды. Бұл қаншалықты рас?

Рас па, жоқ па ол жағын білмеймін. Бірақ мені заң бойынша асырап алған. Ол үлкен адам болып бұл шешімді қабылдаған. Алып сосын тастай салатындай, өкінетіндей мен ойыншық емеспін, зат емеспін. Мен тастай салайтындай зат емес, адаммын. Асырап алып өкінеді дегенді мүлдем түсінбеймін. Бұл тіпті адамгершілік тұрғысынан дұрыс емес.

- Әкеңіздің “тиісті” дегенін айттыңыз. Бұл айтқан сөзіңіз қатты ашуланғаннан шығып кеткен жоқ па?

- Бұл расымен де болды. Мен азаматтық талап қойған болатынмын. Барлық құжаттарды, дәлелдерді жинап арызданған болатын. Сот дұрыс шешім қабылдайды деп ойладым. Мұның барлығын әлеуметтік желіге шығару ойымда болмаған, адамгершілікке сай істегім келген. Мен көрсеткен құжаттарға, дәлелдерге қарамастан сот Рахымбековтың жағына өтті. Әрі қарай не істерімді білмедім. Ойлана келе видео түсіріп әлеуметтік желіге жариялаудан басқа амалым қалмады.

- Әкеңіздің “тиісті” дегеніне байланысты қайта арыз тастадыңыз ба? Әлде әлі қабылдамай жатыр ма?

- Мен жазған жоқпын. Оның еш пайдасы жоқ, өйткені оны қарамайды да. Мен жазып, уайымдап, уақытымды босқа жібердім. Мен кеткесін олар оны лақтырып тастады ма, өртеді ме білмедім.

- Әлеуметтік желідегі резонанст видеоларыңыздан кейін де арызыңызды қабылдамады ма?

- Мен одан кейін әлі бармадым, мен қазір жүктімін. Егер қажет болатын болса мен әрине барамын. Мен ешкімнен ешқандай жауап алмадым.

- Әкеңіз біреудің айтқандарымен жүр деді, тіпті оның қызы да солай пікірі қалдырды. Бұған не дейсіз?

- Тіпті үйі жоқ, нанға ақшасы жоқ адамның біреуі бар дей ме? Мен тек өзіме тиесіліні ғана алғым келеді. Ол оның туған қызы. Оның үйі бар, көлігі бар. Әрине оны қорғайды.

- Кішкентай кезде әпкеңізбен қандай қарым қатынаста болдыңыз?

- Мен 5 жасыма дейін әжемнің қолында өстім. Әке-шешем мені асырап алған кезде ол 14 жаста болатын. Ол оқып жүрді, университеті бітірді. Онымен қатты жақын араласқан емеспіз.

- Қазір осыған байланысты БАҚ шулап жатыр, көп адамдар жазып жатыр. Осыдан кейін әкеңіз хабарласпады ма?

- Ол маған осы жылдың қаңтарында жазды. Мені қорлайтын сөздер жазды. Сосын мені бұғаттайтынын айтты да, бұғаттап тастады. Содан кейін ол мүлдем хабарласпады. “Жағдайың қалай” деп бір рет те жазбады. Ол мені далаға қуып шықты ғой. Заттарыма қараймын, заттарым жетпейді екен. Содан үй қызметшісіне күртешемді беріп жіберіңіз дедім. Олар күртешемді қапқа салып беріп жіберіпті. Осыдан кейін ол адамға қалай дұрыс қарауға болады?

- Ол сізді сотқа беретінін айтқан болатын. Қазір бұл іс қалай болып жатыр? Әлде сіз ол жағын білмейсіз бе? Және сізге адвокат, психолог мамандары көмектесуде ме?

- Оның қандай сотқа дайындалып жақанын білмеймін. Ештеңесі жоқ әрі жүкті болып отырған қызын қалай сотқа беруге болатынын түсінбеймін. Бұл адамгершілік жағынан қалай көрінеді? Маған қазір адвокат та, психолог та көмектесіп жатыр. Мен қазір апелляцияға бердім. Әділ шешім болады деген үміттемін. Біз арызды тастадық, қалалық сот оны қабылдады. Сот әділ шешім қабылдаса екен деймін. Президенттің “Жаңа Қазақстанды” құратынына сенемін. Олардың мені тыңдайды деп үміттенемін. Халық мені қолдайды деп сенемін. Маған сенген, мені қолдап жатқан барша халыққа алғыс білдіремін.

Естеріңізге сала кетейік, Төлеутай Рақымбеков өзін айтыптаған қызын сотқа беретінін, өзін қаралауына жол бермейтінін айтқан болатын.