Алыптар айқасының басталауына санаулы сағаттар қалды


Ұйымдастырушылар да қызу дайындық үстінде. Командаларды сапқа тұрғызып қалай кіріп-шығатындарына дейін үйретіп жатыр. Cайысқа жалпы саны 8 команда қатысады. Олар Қазақстан, Тәжікстан, Монғолия, Ресей, Қытай, Иран, Түркия мен Польша құрамасы. 40-тан астам палуан белдеспек. Турнир ертең түске тақау басталып кеш қарая аяқталады деп жоспарланып отыр. Сарапшылар, Ресей мен Монғолия және Польша палуандары Қазақстан құрамасының басты қарсыласы болатынын айтады. Аса ауыр салмақтағы аты әлемге мәшһүр мына споршыларды жығу, Бейбіт пен Айбек үшін оңай соқпасы анық. Ал алыптар айқасы әлемнің 120 елінде тікелей эфир арқылы көрсетілмек.