Алжирлік ұшақ Нигер астанасының маңына құлаған


Бұл соңғы тәуліктердегі бірінші суыт хабар емес. Кеше ғана TransAsia Airways әуе компаниясының ұшағы Тайваньда апатқа ұшырады. Әуе көлігінде шыққан ақаудың салдарынан қонуға бет алған ұшақ тұрғынүйлердің арасына келіп құлаған. 54 жолаушы мен 4 эrипаж мүшесінің 48-і көз жұмды. Ал бүгін диспечерлердің радарынан жоғалған Air Algerie әуе компаниясының ұшағын табу әлі де мүмкін болмай жатыр. Әуе кемесінің бортында 116 адам болған. Алжирдің «Ән Нахар» газеті осы оқиғаға қатысты өз болжамын жария етіп үлгерді. Ондағылар ұшақ Нигер астанасы Ниамей маңында құлаған деп отыр.