«Алжыдым. Шалмын. Бірақ ұры емеспін» – қартайған Әзімбай Ғали

Мұны өзі жазды, былай деп, қазақша:

«Жасым егдеге келгенде екі-үш жағдайға ғана көңілім толады:

  • байлық дәулет жинамағаныма — менде дача мен авто жоқ
  • Директорлық пен завкафедралықтан бас тартқаныма
  • жағымпазданып, жаңсақтап медаль, орден алмағанымды

абырой деп есептеймін.

Есесіне екі ұл немерем бар. Құдай ұрпақсыз қалдырмады, соған Аллаға рахмет айтамын. Жетпегенім, жете алмағаным — «жарты шындықты» ғана айтқаным, өмірлік амалда «жарты шындыққа» өтірікті қоспауға тырыстым…

Көзім тірісіндегі жетістігім — мен туралы 55 (өзім оқып шыққан) мені жамандайтын мақала басылыпты. Орекеңдер: «әсіреұлтшыл, тым төзімсіз», тіпті сотталуы керек депті, ал қазекеңдер: «алжыған шал», «әдемі қартая алмаған шал» депті. Бірақ біреуі де мені ұры демепті.Көз тимесін», - 
деп жазыпты
 ол өзінің парақшасында