Аман қалған мексикалық туристер оларға тікұшақтан оқ жаудырғандығын айтты


Еске салсақ, Мысыр билігі бұдан бұрын әскер күші арнайы рұқсатсыз, тіркелусіз тыйым салынған аймаққа кірген төрт көлікке оқ атылғандығын мәлімдеген. Көліктегілер Мексикадан келген туристер болып шықты. БАҚ 12 адамның қаза тапқанын, 10 адамның жараланғанын мәлімдеді. Мексика ІІМ екі туристің қаза тапқанын растаса, Мысыр билігі 8 адам қаза тапқанын хабарлауда.