Аман Төлеев халқынан кешірім сұрап, қоштасу видеосын жолдады

Губернатордың айтуынша, Кемерово облысымен бірге қайғылы жайтқа бүкіл әлем аза тұтып жатыр. Оқиғаны естіген әрбір адам оны жүрегімен қабылдаған.

«Құрметті кузбасстықтар, мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Қаралы отбасылармен кездесіп, көмек көрсету мәселесін түгелдей шешіп беруге тырыстым. Тағы да баршаңызға қайғыра көңіл айтамын. Тірі адам тіршілігін жасайды, өмір мұнымен тоқтап қалған жоқ. Марқұм болған туыстарымызды еске алу үшін де өмір сүруіміз қажет», — деді Аман Төлеев өз сөзінде.

Ол сондай-ақ, видеоүндеу барысында отставкаға кету туралы өтінішін өз еркімен, ешкімнің ықпалынсыз жазғанын айтып, халқымен қоштасты.