«Аманат» фильмі «Оскар» киносыйлығына ұсынылады

Қазір «Аманнатты» америкалық киносыйлыққа ұсыну үшін ағылшын тіліне аудару жұмыстары жүріп жатыр. Бұл фильм - тарихшы Ермұхан Бекмаханов туралы. Ол қазақтың соңғы ханы ХІХ ғасырда Қазақ хандығын отаршылдардан азат ету үшін ұлт-азаттық күреске басшылық жасаған Кенесары Қасымұлын зерттеген ғалым. Осы зерттеуінің нәтижесінде ол «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-шы жылдарында» деген еңбегін жазып, Қазақстанда алғаш рет тарих ғылымдарының докторы атағын қорғаған болатын.

«Аманаттың» тұсаукесері былтыр Саяси құғын-сүргінге ұшыраған адамдарды еске алу күні өтті. Фильм ресми түрде көктемде прокатқа шығады. Ал наурыз айында ол америкалық кинопремияға ұсынылады