Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Геннадий Головкин туралы бір негатив жазбадым. Керісінше, құрметім ерекше болатын. Бүгін нөлге түсті. Бокс сессиясынан кейін амандасып жатсам, “бесстыйжый” дейді. Даңқты чемпион шығарсың. Бірақ, адам болып қалу керек. Біз бұнда жүрген қаямбас емеспіз. Бір елдің атынан келген соң, сол елдің мүддесі үшін күйіп-пісіп, сол елдің спортшылармен бірге қуанып, бірге мұңайып жүрген бір қазақтың баласымын. Бізде де намыс бар. Бізде де арын бар. Шындықты айттым. Шындықты айтамын. Көтіңе кірмеймін. Саған мен туралы кім не дегенін білмеймін. Өсек-аяңға ере бермей, нақты жұмыспен айналыс! Викторияның жеңісін қайтар! Ясминаның алтынын қайтар! Басқа да жұмыс жетеді. Өз еліңнен келген қаракөздерге сөзбен атылып, олай мұқата берме! Нақты іспен айналыс”, - деп жазды журналист.