Амангелді газ кешенінде конденсат өңдеу зауытының модульдық қондырғылары орнатылды

Е.Әлмұхановтың хабарлауынша, қазіргі таңда "Таразхиммонтаж" АҚ мердігерлік ұйымы құрал-жабдықтарды монтаждап, шикізат және дайын өнімге арналған ыдыстарды орнатуда.

Амангелді газ өңдеу зауыты 2006-жылдың басында пайдалануға берілуі тиіс. Зауытта тәулігіне 200 тонна газ конденсатын өңдеу жоспарланған.
Бүгінде кеніште тәулігіне 500 мың текше метр көгілдір отын мен 50-60 тонна газ конденсаты өндіріледі. Өндіріліп өңделген табиғи газ кешенді өңдеу қондырғысынан Амангелді газ кенішін "Бұхара-Ташкент-Бішкек -Алматы" негізгі газ магистралімен жалғастыратын 193 шақырымдық газ құбырына жіберіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Амангелді кенішіндегі көгілдір отынның дәлелденген геологиялық қоры 25 млрд. текше метрді, конденсат қоры 2,256 млрд. текше метрді құрайды.