Амангелді газконденсаты кенішінде өнеркәсіптік-тәжірибелік пайдалану кезеңі аяқталды

Оның айтуынша, 2005-жылғы наурыз айының аяғында пайдалануға берілген №117 ұңғының өнімділік көрсеткіші тәулігіне 30-35 мың текше метр газға тең. Бұған дейін бұзылып, 13-сәуірде қайтадан қалпына келтірілген 2Г ұңғысы тәулігіне 80 мың текше метр газ шығаруда.

Ш.Ыбырайымның айтуынша, қазіргі жағдаймен кеніште тәулігіне 920 мың текше метр газ бен 90-95 тонна газ конденсаты өндірілуде. 2004-жылы Амангелді газконденсаты кенішінде 187,6 млн. текше метр газ бен 19,6 мың тонна конденсат өндірілді. Биыл 305 млн. текше метр газ бен 28,2 мың тонна конденсат өндіру көзделіп отыр.